Placeholder
Новости Казахстана13 декабря 2022, 16:13

Ақтөбе облысында ауыл әкімін өлтіріп кетті

Ақтөбе облысында ауыл әкімін пышақтап кетіп, көп ұзамай қайтыс болды. Өлімге ауылдағы шаруа қожалығының басшысы кінәлі болған, деп хабарлайды  arbat.media.

Алға ауданының Қарабұлақ ауылының әкімі Ернар Махамбетов қапияда қаза тапқанын ауыл халқы растап отыр.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы ауыл әкімінің пышақ жарақатынан көп қан жоғалтқанны мәлімдеді. Алайда ауруханаға жеткізгенше мемлекеттік қызметкер қайтыс болған.

Облыстық полиция департаментінің мамандары қайғылы оқиғаның 12 желтоқсанда болғанын мәлімдеді. Адам өлімі Алға ауданындағы шаруа қожалығының бірінде адам өлімі тіркелген. 

"Жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болғанын анықтады. Тергеу барысында қожалық басшысы жәбірленушіге пышақ салған. Оқиғаның салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды", - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, адам өлтірді деген айыппен күдікке ілінген азамат қамауға алынған. 

 

Ақтөбе облысы өлім Әкім Суық қару

Новости по теме