Новости Казахстана16 июня 2023, 14:40

Маңғыстау облысында күдік тудырған қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды

Маңғыстау облысында 36 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік желіде заңсыз қаржы пирамидаларына тіркелген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Осыған дейін аймақта қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша 6 қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 

Қазіргі уақытта қылмыстық істің екеуі соттың қарауына беріліп, тағы біреуіне сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, 3 қаржы пирамидасына қатысты іс өзге өңірлерлердегі құзырлы органдарға тапсырылғаны анықталды. 

Мамандар қаржы пирамидасы бойынша алаяқтарды Telegram-бот арқылы тексеруге болатынын айтып отыр.

«CHAYTAITING қаржы пирамидасы сотқа дейінгі тергеу сатысында, сондай-ақ экономикалық тергеу бөлімінің өндірісінде қаралып жатыр. 14 адам жәбірленуші деп танылды, жалпы шығын көлемі - 11,5 млн теңгені құрады, - дейді Маңғыстау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департментінің тергеушісі Алексей Клеменко.

Қазір Маңғыстау облысы бойынша анықталған қаржы пирамидаларының тізімі жасалған. Олардың қатарында

JANUYA

AMANAT DRIVE

BEST WAY

ЕЛІМ АЙ 2019

ВЫГОДНЫЙ ЗАЙМ

GAP

SINCERE SYSTEMS GROUP

L CAPITAL

WORLD BUSINESS CONSULTING

INCRUISES

EVOLUTION CORPORATION

AKSHAALNALYM

BUSINESS GAME

LIFE IS GOOD

Q-NET

RIVER COINS сынды ұйымдар бар. 

Бұған дейін Қостанайда қаржы пирамидасы бойынша күдікке ілінген тұрғын шағымданушылардың ақшасын қайтарып берген болатын. Сонымен бірге, Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген болатын. Сондай-ақ, Оралда қаржы пирамидасын құрып, тұрғындардың 120 миллион теңге шығынға ұшыратқан күдіктілер ұсталған еді. Еліміздің қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялаған болатын. Бұл ретте Антикор азаматтарға жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауды ұсынып отыр. 

 

Маңғыстау облысы Қаржы пирамидасы Алаяқтық

Новости по теме