Placeholder
Новости Казахстана20 февраля 2023, 20:53

Маңғыстау облысында алимент төлемеген әкелердің қарызы 30 миллионға жетті

Маңғыстауда балаларына алимент төлемей жүргендердің қарызы 30 миллион теңгеге жетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Облыста жауапкершіліктен жалтарған 38 әкеге алимент бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Ал өткен жылы Маңғыстау облысында алимент төлемей жүргендерден сот арқылы 50 миллион теңге қарсы өндіріліп алынған. 

Әкiмшiлiк жауапкершілік тұрғысынан борышкерлер баласына алимент төлеу керек. Ал төлемеген жағдайда сот бірнеше тәулікке қамауға құқылы.  Не болмаса әкімшілік айыппұл сала алады. Олар үшін қазірдің өзінде 10,20,30 АЕК қаржы - айтарлықтай жаза болып отыр. Жауапкершілікке тартылғандар табысын көрсетіп, баласының алдындағы қарызын төлеу керек. Төлемеу арқылы әкелер өздеріне қиындық тудырып жатқан жайы бар. Соңғы кездері бірнеше сот отырысы осындай жағдайды дәлелдеп отыр», - деді ақтаулық жеке сот орындаушысы Фахраддин Алиев.

Бұған дейін еліміздің Әділет министрлігі елімізде алимент төлемейтін өңірлер қатарында Астана, Алматы қалалары мен, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарын атаған болатын.

сот Алимент Жауапкершілік Ақша

Новости по теме