Placeholder
Фото: видеодан алынған кадр/YouTube
Новости Казахстана21 сентября 2023, 14:52

Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталмыш факті Алатау ауданы полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр дейді Алматы ПД .

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі:

Күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр. 

Айта кетсек,композитор Арман Қайназаров 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, кейін комаға түсіп, 19 қыркүйекте көз жұмған еді.

Биыл маусымда әлеуметтік желіде оның аянышты жағдайдағы видеосы тараған болатын. 

 

Арман Қайназаров Төбелес Күдікті Алматы ПД

Новости по теме