Placeholder
Новости Казахстана21 февраля 2023, 18:52

Елімізде әскерде жүрген сарбаздың 22,5 миллион теңге несиесі бары белгілі болды

Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың 22,5 миллион теңге несиесі бар, деп хабарлады Arbat.media.

Halyq Uni-нің жазуынша, өткне жылы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскердегі суицид дерегін сарбаздардың материалдық жағдайымен байланыстырған болатын. Ол кейбір сарбаздың он миллион теңгеге дейін несиесі барын атаған.

Ал ҰҚК Шекара қызметі сарбаздардың он пайыздан астамында несие барып атады.

2022 жылғы әскерге шақырылғандардың жалпы санының 12%-ында банктер мен микроқаржылық ұйымдарда қарыздары болған, – деп жазылған Шекара қызметінің берген ресми жауабында.

Айта кететін бір жайт, Шекара қызметі суицид дерегі құпия ақпарат болғандықтан жауап бермеген. 

2020, 2021, 2022 жылғы өз-өзіне қол жұмсау деректері туралы мәліметтер ведомстволық бұйрықтарға сәйкес, таратуға шектеу қойылған ақпарат болып саналады. Сондықтан бұл мәліметті бере алмаймыз, - деп жазылған жауапта.

Ал Ұлттық ұлан әскерде жүрген 3069 сарбаздың басы несиеге байлаулы екенін жеткізді. 

2022 жылы Ұлттық ұланда мерзімдік әскери қызметтегі 3069 сарбаздың кредиті бар. Оның 59-ында 2 миллионнан 22,5 миллион теңгеге дейін несиесі (тұрғын үй, көлік және тағы басқа) бар. Азаматтардың әскери қызметке шақыру кезінде несиесі туралы мәліметті тексеру Ұлттық ұланның құзыретіне кермейді. Кредиттің болуы азаматтарды әскери қызметке шақырмауға негіз болып саналмайды. Сондай-ақ әскерге шақырылған сарбаздардың несиесі бар екені әңгімелесу барысында анықталып, есепке алынады, - деп жазылды Ұлттық ұланның жауабында

Сонымен қатар Ұлттық ұланда 2 жыл ішінде  төрт рет өз-өзіне қол салу дерегі тіркелгені белгілі болды.

2020-2022 жылдары Ұлттық ұланда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жасаған 4 суицид дерегі тіркелді: 2020 жылы – 1, 2021 жылы – 2, 2022 жылы – 1. Суицидке бару себебі: тұлғаішілік конфликт, уайым, бейімделу процесінің қиындығы, - деп жазылғанжауапта. 

Қарушы күштерНесие Әскер Қарыз

Новости по теме