Placeholder
Новости Казахстана10 марта 2023, 15:25

Головкин WBA тұрырымы бойынша әлем чемпионы белдігінен бас тартты

Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігінен бас тартты, деп хабарлайды Arbat.media.

41  жастағы әлем чемпионы осыған дейін IBF тұжырымындағы белдіктен бас тартқан еді. Қазір отандасымызда тек IBO белдігі ғана бар. Геннадийдің бұл шешіміне қарағанда ол таяу жылдары кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтауы мүмкін. 

Ал осы салмақта әлем чемпионы атанған тағы бір отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы екі салмақ бойынша абсолютті әлем чемпионы атамын деп жар салды. 

Бұйырса бір емес, екін салмақтың барлық титулын жинайтыныма сенемін және төрт салмақтың чемпионы болатыныма күмәнім жоқ. Әрине, сенбейтіндер де жоқ емес. Мен бар жоғы он екі жекпе-жектен кейін әлем чемпионы болатыныма сенбегендер болған. 72 келіге салмақ қуалай алмайды деп шорт кескендер де кездесті. Салмақ өз алдына, әлем чемпион да атандым. Менде сенім, мақсат, жоспар бар", деп жазды Жәнібек Әлімханұлы. 

 

Геннадий Головкин Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бокс

Новости по теме