Новости Казахстана15 июня 2023, 2:55

Есірткі тұтынып көлік жүргізген Төреғали Төреәліге сот үкім шығарды

Танымал әнші Төреғали Төреәли есірткі мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп көліктің бүлінуіне әкеп соққан дерекбойынша А. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралған (ӘҚБтК 608-бабы 3-бөлігі).

Сот 14 маусымында А.-ның мас күйінде көлік жүргізіп, патрульдік көлікке шабуыл жасағанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлікке механикалық зақым келді, - деп жазылған ақпаратта. 

Сондай-ақ, сот отырысында құқық бұзушы азамат іс материалдарында баяндалған деректерді растап, өкінген. 

Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды, - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда белгілі әнші Төреғали Төреәлінің жол ережесін өрескел бұзып, полициядан қашқан сәті туралы бейнежазба жария болған еді. Кейін полициялар оны қуып жетіп, күштеп ұстаған. Кейін әншіге қатысты айыптау дерегі белгілі мәлім болды.

Төреғали Төреәлі Әнші түрме

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!