Placeholder
Фото: АҚШ елшілігі
Новости Казахстана29 сентября 2023, 16:37

Елші: АҚШ визасын беруді жеңілдетеміз

Орталық Азияда Қазақстан азаматтарына ғана АҚШ-тың 10 жылдық миграциялық емес визасы беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм айтты. 

АҚШ елшісі виза жөнінде сұрақтар жиі қойылатынын, АҚШ азаматтарының да Қазақстанға жиі келуін қалайтынын, сондықтан рәсімдерді жеңілдетуге мүдделі екенін айтты.

Қазақстан – АҚШ-тың 10 жылға дейінгі иммиграциялық емес визасы берілетін Орталық Азиядағы жалғыз ел. Бұл біздің қарым-қатынастың қандай жоғары екенін көрсетеді. Дегенмен АҚШ-тың орындалуы міндетті ережелері мен заңдары бар. Ең бастысы – визаны басқа мақсатта қолданғысы келетін адамдарға мүмкіндік бермеу. Сол үшін де виза берерде сұхбаттасу, құжат тексеру секілді тәжірибелер бар.

Бұл процестерді жеңілдетуге тырысып, барынша тиімді әрі өтініш берушілер ұзақ күтпейтіндей ұйымдастырылды.

Пандемия кезінде қордаланып қалған өтінімдерді іріктеуді табысты жүргіздік деп ойлаймын, қазір күту уақыты айтарлықтай қысқарған. Менің түсінуімше, қазір АҚШ-қа барған, АҚШ-қа виза алған адамдар үшін визаға қайта өтінім бергенде сұхбаттан бас тартуды сұрау мүмкіндігі бар. Осындай да нұсқа бар, бірақ бұл стандартты тәжірибе емес.

 

Қазақстан АҚШ виза беру жеңілдеті

Новости по теме