Новости Казахстана20 февраля 2023, 19:39

Елімізде қос азаматтығы бар адамдарға жаза күшейтіледі

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек Қазақстанда қос азаматтық фактілерін анықталған жағдайда қандай шара қолданы, деп хабарлайды Arbat.media.

Ресми өкіл Қазақстанның қос азаматтықты мойындамайтынын алға тарта келе, мұндай жағдай анықталғанда заң бойынша жасалатын шаралар туралы айтты. 

Былт елімізде қос азаматтық алғаны үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 138-і сот шешімімен елден шығарылса, қалғандарына айыппұл салынды. 2018 жылдан бері азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 3000 адамға айыппұл салынып, 473-і елден шығарылды. Барлығынан Қазақстан азаматтығы алынып тасталды", - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Шұғыла Тұрлыбек биыл қос азаматтық деректерінің алдын алу үшін басқа азаматтықты қасақана жасыру үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарланып отырғанын атады.

Еліміде қос азаматтығы бар  жағдайды жасырған азаматтарға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе елден шығару жазасы қарастырылған.

Басқа азаматтықты қабылдау кезінде зардаптарды болдырмау үшін басқа елдерге кеткен және басқа азаматтықты қабылдаған Қазақстанның бұрынғы азаматтары 30 күн ішінде Қазақстанның консулдық мекемесіне азаматтықты жоғалтуды тіркеуге өтініш беруі керек, - Шұғыла Тұрлыбек.

Ресми дерек бойынша, жыл сайын Қазақстан азаматтығын алуға жиырма мыңнан астам азамат құжат тапсыратын көрінеді. Өткен жылы олардың көрсеткіші 22 мың адамды құраған. Сондай-ақ, азаматтық алу үшін оларға мемлекеттік тілді білу жағы ескеріледі. 

  

Қос азаматтық Құжат Қазақстан ІІМ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!