Новости Казахстана24 сентября 2023, 10:10

Екі күннің ішінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды

«Іздестіру» операциясының екі күнінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ,Polisia.kz ресурсы жариялады. 

ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен «Іздестіру» операциясын жүргізіп, 283 қылмыскерді ұстаған.

Соның ішінде ;

Адам өлтірген — 8;

Денсаулығына ауыр зиян келтірген — 9;

Қарақшылық шабуыл жасаған — 3;

Тонаған — 5.

Елімізден тыс жерде — 20 (Ресейде — 10, Қырғызстанда — 4, Өзбекстанда — 3, Арменияда — 2, Молдова мен Түрікменстанда — 1); Достастық елдерінде — 134 (Ресейде — 78, Өзбекстан — 31 және Қырғызстанда — 18, Тәжікстанда — 2, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Молдова және Түрікменстанда — 1).

Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала анықталды.

 

Іздестіру Операция ҚР ІІМ ТМД

Новости по теме