Placeholder
Новости Казахстана13 июня 2023, 20:38

БҚО-да жылқы қаққан жеңіл көлікте бір адам қаза болды

Батыс Қазақстан облысының Қазталов пен Жәнібек аудандарының арасындағы жолда жеңіл көлік жылқы қақты, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін таңғы 05:20 шамасында Казталовка-Жәнібек автожолының 18 шақырымында жол апаты орын алды. Кейін анықталған ақпарат бойынша "Lada-2110" автокөлігінің жүргізушісі жылқыны соққан. 

Cалдарынан 30 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмдып, аталған дерек бойынша ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері жылқының иесін анықтаған. Ол Казталов ауданына қарасты Бірік ауылының 35 жастағы тұрғыны болып шықты Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Бұдан басқа, қазір жылқы иесіне қатысты шешім қабылдау бойынша ветеринариялық инспекцияға жіберу үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша материал
жиналақталатыны айтылды. 

Бұған дейін Павлодар облысында 18 жастағы көлік жүргізген жасөспірім жол апатына түсіп, екі адамның өліміне себепші болған еді. Сондай-ақ, Қызылорда облысындғығБатыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында апат болып, үш адам бақилық болды. Бұдан бөлек, Қарағанды облысындағы жолдағы апат кезінде екі адамның өмірі үзілді. 

Жол апаты ІІМ өлім

Новости по теме