Placeholder
Новости Казахстана13 июня 2023, 17:45

Павлодарда жол апатынан екі адамның өмірі үзілді

Павлодар облысында жол апатынан екі жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media 

Бүгін өңірдегі Шарбақты ауданының Галкино-Жаңаауыл аудандық маңызы бар автожолының 10 шақырымында 18 жастағы ВАЗ-21703 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылып кеткен.

Салдарынан 2004 жылы туған жолаушы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмса, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Аталған дерек бойынша ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып, қажетті сараптамалар тағайындалған. 

павлодар Жол апаты өлім

Новости по теме