Placeholder
Новости Казахстана4 сентября 2023, 19:48

Балаларды спортқа баулыған жаттықтырушы есірткімен ұсталды

Ақмола облысында балаларды шаңғы спортына баулыған жаттықтырушы есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Аrbat.media.

Ақмола облысының есірткіге қарсы полицейлері Жібек Жолы кентінің терминалының жанында Астананың 37 жастағы тұрғынын көлікте тоқтатты. Ол балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқан.

Күдіктінің көлігін тінкенде жүк салғышынан 40 келіге жуық гашиш есірткі заты бар төрт полиэтилен пакет табылған.

Сол күні қала маңындағы ауданда, өз үйінде есірткі затын сататын 36 жастағы ер адам ұсталды.

Оның үйі мен гаражын тінке кезде 15 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Екеуі де  қамауға алынды.

Ақмола облысы есіркімен күрес спорт жаттықтырушысы Қылмыс

Новости по теме