Placeholder
Новости Казахстана14 февраля 2023, 16:14

Байқоңыр тұрғындарына қала әкімдігі Украинадағы соғысқа бару үшін ақша ұсынды

Байқоңыр тұрғындарына ақылы түрде Украинадағы соғысқа қатысу ұсынылды. Бұл туралы хабарландыру қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Arbat.media.

Әкімдік хабарландыруында жергілікті тұрғындарға соғысқа барған жағдайда 260 мың рубль көлемінде бір реттік өтемақы төленетіні айтылған. Аталған ақпарат әкімдік сайтында 9 ақпан күні жарияланды. Хабарландыруда Украинағы соғыс "арнайы әскери операция" деп аталған. 

Байқоңыр әкімдігінің сайтында жарияланған хабарландырудың криншоты  

Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сәйкес № 46 "жұмылдырылған азаматтарға, сондай-ақ арнаулы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және қалада тұратын әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға, жұмылдырылған азаматтарға, сондай-ақ арнаулы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға біржолғы ақшалай төлем туралы" Украина, Донецк халық республикасы, Луганск Халық Республикасы, Запорожье облысының аумақтарында арнайы әскери операцияға қатысқан жағдайда Байқоңыр қаласында тұратындарға, Херсон (әскери қызметші) 260 000 рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем қарастырылған, - делінген басылымда.

Аталған қаулы қалалық әкімшіліктің ресми сайтында жарияланғанымен қатар күшіне енді.

Байқоңыр қаласы Қазақстан аумағында орналасқанымен Мәскеу облысының Одинцов ауданының (Ресей) құрамындағы мекен болып есептеледі. Байқоңыр мұндай ерекше мәртебеге аумақты жалға беру шартынан кейін ие болып отыр.  Оның қолданылу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылған.

Бұған дейін Байқоңырда Ресей билігі Ресей Федерациясының төлқұжаттарын барлық жергілікті тұрғындарға тарататынытуралы ақпарат белгілі болған еді. 

Байқоңыр Ресей Украина Соғыс

Новости по теме