Новости Казахстана6 марта 2023, 13:01

Қарағанды облысында арнайы операция кезінде 40 адам қамауға алынды

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен ҰҚК-нің 5-ші департаменті  Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға ұзақ уақыт бойы теріс әсер етіп келген қылмыстық топтың әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция кезінде 40 адамды ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, аталған топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырғаны анықталды. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған. Жедел деректер бойынша топ мүшелерінің саны елуге жуық, оның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ күзет ұйымдарының қызметкерлері де бары белгілі болды. 

Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған. Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну шаралары қатты сақталған. Өткізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде өңірдің ірі өнеркәсіптік нысандарында, оның ішінде “Арселлор Миттал Теміртау” акционерлік қоғамында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау деректері ашылды.

Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды. Оның ішінде бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық секілді жағдайлар бар. Арнайы операция барысында жүзден астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленді.

Нәтижесінде полицияға 40 адам жеткізіліп, қазір аталған жағдайға байланысты жедел тергеу шаралары жалғасуда.

 

Қарағанды Қылмыс ҰҚК ІІМ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!