Новости Казахстана28 марта 2023, 22:00

Астаналықтар Шавкат Рахмоновқа ат мінгізді

Астанада аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа лайықты сый-сияпат жасалды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Танымал спортшыға ат мінгізген сәт жайлы бейнежазба желіде тарады. Шавкат Рахмоновқа халық атынан шапан жауып, ат мінгізді. 

Сонымен бірге, Шавкат Рахмоновтқа бұл құрметті белгілі меценат, Астана қаласы бойынша ат спорты федерациясының президенті Әлібек Мұқатаевтың жасағаны белгілі болды. 

Өзім спортпен айналысамын және спортшыларды жақсы түсінемін. Өскелең ұрпақтың спортпен шұғылдануына және үлгі тұту мақсатында Шавкатқа жылқы сыйға тартуды ұйғардым. Әлеуметтік медианың күшін білесіз, бұны көрген жастар ойланады, түрткі болады, дем береді. Шавкат Рахмоновтан бөлек, бұған дейін боксшы Сәкен Бибосынов және басқа да спортшыларға ат мінгіздім. Спортшы жігіттерімізді үнемі қолдауға тырысамын, - дейді меценат Әлібек Мұқатаев.

Бұған дейін Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста  UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді жеңген болатын. Кейін белгілі спортшыны мемлекет басшысы арнайы қабылдады

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Rtt_Kokpar_team (@aliba_myrza_attari)

 

Шавкат Рахмонов UFC 285 спорт Астана

Новости по теме