Новости Казахстана17 марта 2023, 19:29

Астаналықтар сайлау күні қоғамдық көлікте тегін жүреді

19 наурыз күні Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау күні Астана бойынша қоғамдық көлікте қатынау ақысыз болады, деп хабарлайды Arbat.media.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін бұл күні қалалық маршруттардың бәрі бір күн бойы ақысыз негізде қызмет етпек. 

19 наурызда автобустар таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін штаттық режимде жүреді. Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді, - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. 

Сайлау күні қазақстандықтар Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына дауыс бере алады. Биыл алғаш рет 19 жылдан бері мажоритарлық жүйемен дауыс беру әдісі қайдадан енгізіліп отыр. 

Астана Қоғамдық көлік сайлау Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!