Placeholder
Новости Казахстана2 марта 2023, 15:49

Астанада мектеп директорын пышақтап кетті

Астанада мектеп директоры пышақ жарақатымен аурухана түсті. Дәрігерлер оның жағдайының өте ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы науқастың жағдайына қатысты пікір білдірді.   

26 ақпанда жедел жәрдем бригадасы жапа шегушіні №2 қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізді. Жағдайының ауырлығын ескере отырып, пациент шұғыл түрде емдеу үшін кеуде хирургиясы бөліміне жатқызылды. Сол күні оған операция жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, операциядан кейінгі кезеңге сәйкес келеді, - деді денсаулық басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Қазіргі уақытта науқас диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр. Қаланың білім басқармасы оның шын мәнінде мектеп директоры екенін растаған. Алайда педагог ақпан айынын 20 күнінен бері еңбек демалысына шыққан көрінеді. 

Астана қалалық ПД пәтерлердің бірінен бір адамның мәйіті табылып, әйел адамның пышақ жарақатын алғанын мәлімдеді. Аталған оқиғаға қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Мектеп директоры Педагог Жарақат Пышақ

Новости по теме