Placeholder
Новости Казахстана14 мая 2023, 23:45

Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы атанды

Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында тараздық Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз финалда өзбек боксшысы Саиджамшид Жафаровты төрешілер шешімімен ұтты. Кездесудің бірінші раундында Асланбек 5:0 есебімен басымдық танытса, екінші кезең 3:2 есебімен өзбек боксшысының еншісіне бұйырды. Кездесу соңында төрешілер шешімі бойынша жеңіс Қазақстан құрамасының боксшысына бұйырды. 

Бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші алтын медаль. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс жүлдеге ие болған еді.

Асланбек Шымбергенов бокс Әлем чемпионы

Новости по теме