Новости Казахстана19 апреля 2023, 14:07

Ақтөбеде облысына қарасты 17 ауыл жарықсыз қалды

Ақтөбе облысында төрт күннне бері 17 ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Кtk.kzтің жазуынша, апатты кеше кешке дейін жоямыз деп сендірген жауаптылар кейін жұмыс көлемінің тым көп екенін мойындап үлгермей жатқандарын мәлімдеген. 

Демалыс күндері өңірде боран соғып, термометрлер минус 10 градусқа дейін төмендеген болатын. Осының салдарынан электр сымдары мұздап, тіректер құлағаны белгілі болды. 

Әкімдік облыстағы желілердің 74 пайызының тозығы жеткенін айтып отыр. Ауа райы 40 елді мекенді электр қуатынсыз қалдырылған, дәл қазір 17 ауылда әлі де қосылмай тұрғаны анықталды. 

Хромтауда бүгін жарық қосылуы мүмкін. Жұмыс көлемі өте үлкен. Бригада физикалық тұрғыдан үлгермей жатыр. Мектептерде, ауруханаларда, барлық әлеуметтік нысандарда генераторлар бар", - дейді Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрберген Бекеев.

Ақтөбе облысы Жарық Ауыл Энергия

Новости по теме