Placeholder
Новости Казахстана5 сентября 2023, 15:06

Алматыдағы атыс: Жараланған адамдардың жағдайы

Алматы дәрігерлері оқтан жараланып ауруханаға түскен науқастардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы орталық клиникалық ауруханаға түскен екі азаматтың бірі бас сүйегінің маңдай тұсы, яғни бас сүйегінен жарақат алып, аяқ жіліншігіне оқ тиген.

Нейрохирургия бөліміне жатыр, жағдайы бірқалыпты, басына ота жасалынады. Екінші науқастың құрсақ қуысына оқ тиген, қан кеткен,  қансыраған, ауыр жағдайдан есінен танған, .қолының буынына оқ тиген, ауыр жағдайда түсті», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Екінші науқасқа ота жасалды, хирургия бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.

Бұған дейін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде бүгін түнде 00:30 шамасында атыс болғаны туралы жазған едік.

 

Алматы Атыс Қылмыс дәрігерлер

Новости по теме