Placeholder
Новости Казахстана26 сентября 2023, 11:00

Алматыда зейнеткер пансионаттың терезесінен құлап кеткен

Әлеужеліде Алматыдағы қарттар үйінде зейнеткер терезеден құлап, сүйегі сынды деген ақпарат тараған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қарттар үйінің күтушісінің сөзінше, келеңсіз жайт 3 қыркүйекте түстен кейін болған.

«Орталыққа 63 жастағы еркек  2 қыркүйекте түсті, оқиға таңғы уақытта болды. Науқасты алып келген туыстары оның мінезі сабырлы,  тек көру қабілеті бұзылғанын ескерткен. Оны түні бойы бақылауда ұстадық. Деменцияға шалдыққанын  бізге ешкім айтпады», - дейді орталықтың күтушісі.

Ол таңға жуық бөлмесінен шығып, келесі бөлменің терезесіне шығып, бірінші қабаттан секіріп кеткен.

«Бейнебақылау бар. Оның басқа палатаға кіргенін көре сала, артынан еріп, ұстағымыз келді, бірақ ол қарсылық танытып, сыртқа секіріп үлгерді. Кейін оған тұруға көмектесіп, палатаға төсекке жатқыздық. Ол ештеңеге шағымданбады, таң атқанша бақыладық. Таңғы 8-ге қарай аяғы ауырды, жедел жәрдем шақырып, туыстарына хабарладық.  Ауруханаға бірге барып, жанында кеттім. Туыстарымен байланыста болдым, жағдайын дәрігерлерден біліп отырдым. Дәрі-дәрмек алып бергіміз келді, бірақ емдеу мекемесі оларда бәрі бар екенін айтты», - деді күтуші.

Науқастың туыстары полицияға арыз жазыпты. Бостандық ауданы полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

«Істің мән-жайын зерделеу үшін өндірістік материалдар Алматы қалалық медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау департаментіне берілді», - деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы Зейнеткер терезе Оқыс оқиға

Новости по теме