Placeholder
Новости Казахстана26 мая 2023, 20:48

Алматыда электрлік самокаттармен жүрген балалар үшін ата-аналары жауапты болмақ

Алматыда электрсамокаттарды жалға беретін компаниялардың өкілдері ата-аналар жиналысында құрылғыны пайдалану ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Кикшеринг компанияларының мәліметіне сәйкес, электрсамокатты жалға алуға 18 жасқа дейін шектеу қойылғанымен, оқушылардың жалдамалы самокаттармен жүруі жиі кездеседі.

Айта кетерлігі, кикшеринг қосымшасында тіркелу үшін банк карталарының деректері қажет, ал балалардың карталары автоматты түрде қабылданбайды. Сондықтан, балалар ата-аналарының немесе туыстарының банк карталарын пайдаланып,электр скутерлерін жалға алып кете береді. 

Компания өкілдері атап өткендей, бұл мәселенің ең алдымен, бала қауіпсіздігіне қатысты екенін түсінген жөн. Кәмелетке толмаған балалар мінген электрсамокат жол-көлік оқиғасына ұшыраса, онда заң бойынша ата-ана жауапқа тартылмақ.

Жол-көлік қозғалысына қатысушылардың барлығы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға қосымшаларда тіркелу үшін банк карталарының деректерін беру және кәмелетке толмаған балалардың электр скутерлерде жүруіне жол берілмеуі тиіс екені де айтылды. 

Самокат Алматы Ата-ана

Новости по теме