Новости Казахстана15 июня 2023, 7:55

Алматы облысында сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне өтті

Алматы облысында дауға айналған мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.Media Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз жауабында айтып өтті. 

Қарасай ауданындағы 15 миллион теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Осыдан алты күн бұрын бұрынғы білім ошағын сатып алған кәсіпкер өз еркімен ғимаратты қайтарып берді, –  деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Таяуда Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы 250 орынға арналған орта мектеп 15 миллион теңгеге сатылып кеткенін айтқан еді. Мәселе көтерген ол мектепті екі ай ішінде мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті. 

Депутат пікірінен кейін облыстағы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов М.Ломоносов атындағы мектебінің ескі ғимараты 2018 жылы 15 224 000 теңгеге сатылғанын растады. 

Ал мектепті қайтару бойынша 2023 жылдың 9 наурызы күні Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз жолданғанын атаған болатын. 

Алматы облысы Мектеп мемлекет

Новости по теме