Placeholder
Фото: inaktau.kz
Новости Казахстана10 апреля 2023, 16:34

Әлібек Қалбайдың өлімі: айыпталған сарбаз 9 жылға сотталды

Бүгін Алматыда әскери сотта Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп айыпталған атыраулық сарбазға сот үкімі шықты. Айболат Аманжолов 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сот үкімімен келіспей, Айболат Аманжоловтың туыстары апелляциялық сотқа шағым түсіреді деп айтылған.

Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот отырысы Алматы гарнизоны әскери сотында 2022 жылдың 23 тамызында басталды. Бұл туралы Аманжоловтың адвокаты Жанар Нусупбаева айтты.

Үкім әділ шыққан жоқ. Міндетті түрде апелляциялық шағым түсіреміз. Үкімге жәбірленуші тарап та, сотталушы жақ та қарсы, - деді адвокат.

Оның айтуынша жәбірленуші тарап та сотталушы Айболат Аманжоловты ақтауды сұрап отыр.

Танысқанына 4 күн болған балалар бір-бірін өлтіруі мүмкін емес, оған мотив жоқ, - дейді Жанар Нусупбаева.

Маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай 2022 жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысы Отар ауылында орналасқан әскери бөлімде қайтыс болды. Ол сапта тұрған кезде кенеттен есінен танып құлаған. Марқұмның өліміне кінәлі ретінде 18 жастағы атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов күдікке ілініп, қамауға алынды.

Сарбаз өлім Отар әскери бөлім

Новости по теме