Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 14:30

Әйелдер арасында Азия ойындарына қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

СҚО-да бокстан әйелдер арасында Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы аяқталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі төрт жылда бір рет өтетін айтулы дода қорытындысында олимпиадаға қажет ұпайлар сарапқа салынатын Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар анықталғанын мәлімдеді. 

Жарыста 19 өңірден келген 90-нан астам былғары қолғап шебері бақ сынады.

Салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар:

48 кг: Алуа Балқыбекова (Алматы қ),

50 кг: Назым Қызайбай (Алматы қ),

52 кг: Жазира Орақбаева (Алматы қ),

54 кг: Жайна Шекербекова (Шымкент қ),

57 кг: Карина Ибрагимова (Ақмола обл),

60 кг: Римма Волосенко (Астана қ),

63,5 кг: Аида Əбікеева (Астана қ),

66 кг: Наталья Богданова (Петропавл қ),

70 кг: Мәдина Нұршаева (Шымкент қ),

75 кг: Валентина Хальзова (Астана қ),

81 кг: Гүлсая Ержан (Қызылорда обл),

+81 кг: Лəззат Күнгейбаева (Астана қ).

Карина Ибрагимова спартакиаданың үздік боксшысы атанды.

Жалпы есепте Астана қаласының командасы 4 алтын, 1 қола медальмен көп бастады. 

8 жүлдеге (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) ие болған Алматы қаласы екінші орынға көтерілді. Үздік үштікті Шымкент боксшылары түйіндеді (2 алтын, 4 күміс).

Азия Ойындары бокс Петропавл

Новости по теме