Новости Казахстана26 марта 2023, 2:29

Абылайхан Жұбаназар Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс жүлдеге қол жеткізді

Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде дзюдодан 81 келіде күрескен Абылайхан Жұбаназар күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Arbat.media.

Финалға дейін төрт қарсыласын ұтқан отандасымыз финалдық сынның қосымша уақытында аустриялық Вашид Борчашвилиге есе жіберді. 

Ол финалға дейін Канада, Польша, Молдова, Грузия балуандарынан басым түсті. Шешуші сәтте қарқынды күрескенімен жеңісті уысынан шығарып алды. 

Грузияда өтіп жатқан Grand Slam турнирінде әйелдер арасында Абиба Әбужақынова мен ерлер санаты бойынша Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды. 

Ертең турнирдің соңғы жарыс күнінде ерлер 90, 100, +100 және әйелдер 78 +78 келі салмақ дәрежелерінде өзара үздіктерді анықтайтын болады. 

Абылайхан Жұбаназар Дзюдо Тбилиси Grand Slam

Новости по теме