5 апреля 2023 г.
/ Новости Казахстана
Депутат Жаңаөзендегі жұмыссыздық жайлы: "Облыста халық көбейіп келе жатыр"
Депутат Ерлан Сайыровтың ойынша Маңғыстау облысында халық саны көбейіп келе жатыр және климатқа байланысты ол жақта мұнайдан басқа жұмыс орындары жоқ. Депутат бұл мәселені Кәсіподақтарда жүргеннен бастап көтеріп жүргенін айтты. Оның пікірінше, Самұрық-Қазына мен Қазмұнайгаз компаниялары өздерінің еңбек өнімділігіне байланысты сол жерде жаңа инвестициялық жобалар жасап, жаңа кәсіпорындар ашуы керек.