18 апреля 2023 г.
/ Новости Казахстана
Сенатор әскер туралы: бірі мүгедек болады, бірін табытпен қарсы алып жатады
Сенатта өткен комитет отырысында Сенатор Геннадий Шиповских әскери салада қайталанып жатқан жағдайларды анықтап, Бас әскери прокурордың бірінші орынбасарын әрекет етуді сұрады. Сенатор сұрақтарын бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, әділет подполковнигі Мақсат Қазиевке қойды. Бірақ Сенатор Геннадий Шиповских сұрағының жауабына толық ақпарат ала алмай, қанағаттанбағанын жеткізді.