Спорт11 сентября 2023, 9:51

Тоқаев: Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, астаналық еріктілер мен белсенділерге алғысын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram-парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады.

«Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын.

Әсіресе «Астана жастары» мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты.

Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын», – деп жазды президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасы

Новости по теме