Спорт11 сентября 2023, 9:35

Новак Джокович «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды

Сербиялық теннисші Новак Джокович АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Н.Джокович финалда ресейлік, әлемнің 3-ракеткасы Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:5), 6:3 есебімен жеңді. 

Әлем рейтингінде қайта көш бастайтын сербиялық спортшы «Үлкен дулыға» турнирін 24 рет ұтып алды. Ол аустралиялық теннисші Маргарет Кортпен теңесті.

Жарыстағы жеңісі үшін Джокович 2 мың рейтингілік ұпайға ие болып, 3 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

Д.Медведевтің үлесіне 1200 рейтингілік ұпай мен 1,5 млн доллар тиді.

Сонымен қатар 36 жастағы Джокович АҚШ ашық чемпионаты тарихында ең жасы үлкен жеңімпаз болды.

Новак аустралиялық Кен Розуолдың рекордын жаңартты. Бұл теннисші 1970 жылы 35 жасында үздік шыққан еді.

Новак Джокович үлкен дулыға чемпион Теннис

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!