Placeholder
REUTERS / Toby Melville
Спорт5 сентября 2023, 9:25

Live рейтингте Елена Рыбакина үшінші орынға көтерілді

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA Live рейтингісінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Arbat.media.

АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымында әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула дүниежүзілік рейтингте 17-орында тұрған отандасы Мэдисон Киздан 1:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Былтыр «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына жеткен Д.Пегула ұпайларынан айырылды.

Қазір Live рейтингте 5790 ұпаймен Е.Рыбакина үшінші орынға шықса, Д.Пегула (5755) төртінші сатыға сырғыды.

АҚШ ашық чемпионатының қорытындысымен белоруссиялық Арина Соболенко рейтингте спорттық жолында алғаш рет алдыға шықты, себебі былтыр жеңімпаз, Польша өкілі Ига Швентек төртінші айналымда латвиялық Елена Остапенкодан 6:3, 3:6, 1:6 болып ұтылған. Енді И.Швентек екінші орынға түсті.

АҚШ біріншілігінде тағы бір америкалық, әлемнің 6-ракеткасы Коко Гауфф чемпион атанатын болса, ол Е.Рыбакинаны ығыстырып, үздік үштікке енеді. Ендеше аталмыш турнир қорытындысын күтеміз.

Елена Рыбакина Live рейтинг АҚШ ашық чемпионат

Новости по теме