Спорт2 сентября 2023, 12:00

Андрей Голубев пен Анна Данилина үшінші айналымға өте алмады

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Анна Данилина жұптық сында АҚШ ашық чемпионатында үшінші айналымға өте алмады, - деп хабарлайды Arbat.media.

А.Голубев ресейлік Роман Сафиуллинмен бірге екінші айналымда жарыстың 6-ракеткалары, үндістандық Рохан Бопанна – аустралиялық Мэттью Эбденмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 3:6, 3:6 есебімен жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды.

Қазақстанның әйелдер арасында жұптық сындағы көшбасшысы, әлемдік рейтингте 29-орында тұрған Анна Данилина ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен бірге екінші айналымда доданың 15-ракеткалары, жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен кездесті. Бұл бәсекеде жапониялық-индонезиялық дуэт айқын басымдылық көрсетті – 6:3, 6:1.

АҚШ ашық чемпионатында Қазақстаннан Елена Рыбакина мен А.Данилина ғана қалды. Е.Рыбакина жекелей сында, А.Данилина миксте өнер көрсетеді.

US Open Андрей Голубев Анна Данилина ашық чемпионат

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!