Новости Казахстана23 сентября 2023, 14:00

Жүргізушінің айыппұлы көлігінен де қымбат - 6,6 млн теңгеге жеткен

Түркістан облысында жылдамдық ережесін бұзған жүргізушінің айыппұлы 6 миллионнан  асып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жүргізуші ескі көлігімен трассаға да шығып, қалааралық жолдарда 6 миллионнан астам айыппұлы бола тұра, жол ережесін елемеген.

Айыппұлы көлігінен де қымбат болған жүргізушіні тәртіп сақшылары Шымкент - Самара тас жолында тоқтатып тексергенде оның әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық ережесін бұзуына қатысты болып шықты.

«Түркістан облысы патруль полиция батальон қызметкерлерінің планшетіне «Қауіпті жүргізуші» мобильді бағдарламасынан төленбеген айыппұлдары бар Фольксваген Пассат автокөлігінің ақпараты шыққан. Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, оның жалпы сомасы 6,6 миллион болған. Сөйтіп оның көлігін айыптұраққа қойып, берешекті дер кезінде төлеуді егжей-тегжей түсіндірді», - деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев.

Түркістан облысы көлік жүргізуші Айыппұл

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!