Новости Казахстана30 мая 2023, 17:17

Жаңаөзенде "БерӘлі Маңғыстау Company"-дің бұрынғы қызметкерлеріне жұмыс ұсынылды

"БерӘлі Маңғыстау Company" ЖШС бұрынғы қызметкерлерімен жұмысқа орналастыру мәселелеріне қатысты кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды Arbat.media

Жаңаөзен қаласында "Өзенмұнайгаз" АҚ мен "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС-нің басшылығы "БерӘлі Маңғыстау Company" ЖШС бұрынғы қызметкерлерімен кезекті кездесу өткізген.  «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Н.Қилыбай «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлерін жұмыспен қамту үшін «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС-не жұмысқа орналастыру туралы ұсынысын жеткізді.

Жиын қатысушыларына «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС арасында «БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшыларының бұған дейін алып келген жалақы мөлшерін кепілді сақталуын көздейтін шарт ұсынылды.

Сонымен қатар кездесуге келгендерге ұңғымаларды өнеркәсіптік жөндеу қызметін сатып алуға тендер 3 жыл мерзімге өткізілетіні айтылды. Өз кезегінде «БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшылары ұсынылған шарттарды қарастыруға уақыт сұрап отыр. 

Бұған дейін "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай әріптестеріне реніш білдіріп, компанияда ауызбіршіліктің жоқтығын айтқан еді. 

Өзенмұнайгаз БерӘлі Маңғыстау Company жұмыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!