Новости Казахстана13 апреля 2023, 14:01

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Жәмила Бақбергенова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз осымен сары құрлық біріншілігін үшінші рет ұтып отыр. Ол Астанағы сынның финалында жапон балуанын үтып, ел  әнұранын шырқатты. 

72 келіге дейінгі салмақ дәржесінде күрескен балуан өткен жылы Моңғолияда және 2020 жылы Делиде өткен сында Азияның алтынына қол жеткізген. Сонымен бірге, 2021-2022 жылдары әлем біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды. 

Астанадағы айтулы сында 76 келіде күрескен Эльмира Сыздықова чемпион атанған болатын. Сонымен бірге, 55 келіде Марина Седнева,  Нилуфар Раимова (57 келі),  Елена Шалыгина (68 келі) қола жүлдені қоржынға салды. Бұдан бөлек, грек-рим күресінен ерлер құрамасы белдесіп, тек бір балуан ғана Азия біріншілігінің алтынын иеленді. 

Сонымен қатар, бүгін еркін күрестен Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні басталды. Бұл сында 57, 65, 70, 79 және 96 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар бозкілемге шығып, қазақстандық спортшылар шеберлік байқасатын болады. 

Азия чемпионаты Күрес спорт Астана

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!