Новости Казахстана17 апреля 2023, 20:24

Жамбыл облысында шатырда ірі көлемде есірткі жасырған тұрғын ұсталды

Жамбыл облысында марихуана сақтаған 55 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып өткізу кезінде Тея атты қызметтік-іздестіру итін пайдаланып, ұсталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында үйдің шатырынан жалпы салмағы 9 келі 13 гр болатын кептірілген марихуана табылды. Ұсталған адам кінәсін мойындаған. 

Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4 - бөлігімен “Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау” және ҚР ҚК 297-бабының 3- бөлігі “Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлады ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Өткен аптада Атырау облысында үйде есірткі өсірген тұрғынға қатысты сот үкімі шыққан еді. Сондай-ақ, Ақтауда көпқабатты үйде есірткі өсірген тұрғында ұсталған еді. Наурыз айының соңында Түркістан облысында есірткі өндейтін цех табылып, оның иелері қамауға алынды

Жамбыл облысы Есірткі полиция Қылмыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!