Placeholder
ҰҚК
Новости Казахстана29 марта 2023, 20:53

Түркістан облысында жасырын есірткі зертханасы табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысындағы психотроптық заттар өндіретін ірі есірткі лабораториясын жойды, деп хабарлайды Arbat.media.

Заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің рекордтық партиясы анықталды. ҰҚК-нің арнайы тобы 200 келі дайын өнім мен 15 тонна прекурсорлар және зертханалық құрал-жабдықтар тәркіледі. 

Жедел қызметкерлердің назарына Қазақстанға тыйым салынған заттардың ауқымды өндірісін ұйымдастыру және оны әрі қарай ТМД елдерінде іске асыру мақсатында келген шетелдік азамат іліккен. Іс-шараларды жалғастыру барысында Түркістан облысындағы жасырын өндіріс базасы анықталды.

Есірткі зертханасы заманауи құралдармен жабдықталып, 0.4 гектар аумақта орналасқан және қоршау бойымен бейне бақылау камералары мен қозғалыс сенсорлары қойылғанын атап өту қажет. Қаскүнем құпиялық шараларын қатаң сақтап келген. Ұйымдастырушы «альфа-PVP» психотроптық затын әзірлеу сәтінде, яғни қолма-қол қылмыс үстінде ұсталды, - деді ҰҚК баспасөз қызметі. 

Қазір аталған дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу материалын тіркеуге алынды. Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 

Түркстан облысы Есірткі ҰҚК Қылмыс

Новости по теме