Ыбықты сай тауын қашап жазған мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті
Маңғыстаудағы Ыбықты сайына қашап жазу жазып, кейін кешірім сұраған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манат Көшербаев өз еркімен жұмыстан кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақтөбе мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиева ҚазАқпаратқа берген сұхбатында осындай мәлімдеді жасады.
«Манат Көшербаев қалаға келген соң, кеше шақыртып алдық. Ол сол кезде өз еркімен жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазды. Әкімшілік жазаны полиция қолданады. Ал жұмыстан шыққан адамға тәртіптік жаза қарастырылмады»,- деді Гүлжайна Бисенғалиева.
Еске салсақ, еңбек демалысына Маңғыстауға барған әнші, Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манат Көшербаев борлы тауға қашап жазып, көп ұзамай, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, бейнеүндеу жариялаған болатын.