Placeholder
идеодан алынған кадр/ facebook.com/ Манас Кошербаев
Новости Казахстана28 августа 2023, 16:46

Мәдениет үйінің директоры халқынан кешірім сұрады: Қатты сөкпеңіздерші

Ыбықты сайында борлы тауға қашап жазу жазып, көпшілік сынына ұшыраған Мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев қазақ елінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Жұрт Маңғыстау облысының Ыбықты сайында борлы тауына қашап жазып, ескертуге құлақ аспаған адамды іздеп, жазалануын талап еткен болатын.

Бүгін Манас Көшербаев жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, халықтан кешіріп сұрады.

«Мен, Көшербаев Манас Маратұлы, 24 тамызда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Ыбықты сайда болған жағдайға байланысты түсініктеме бергім келеді. Ыбықты сай – Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Аса қатты сөкпеңіздерші! Тарихи жерге қылдай қиянат қылу ойымда да болмады. Барша отандастарымнан, Маңғыстау жұртынан басымды иіп кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер»,- деп жазып, кейін бейнекешірімін жариялады.

Манас Көшербаев Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры.

«Қазіргі таңда еңбек демалысында. Жұмысқа шыққан соң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады», - деп жазды Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Манас Көшербаев вандализм Маңғыстау облысы Кешірім

Новости по теме