Үш жылда жол апатынан 6,5 мыңнан астам адам қаза болды - президент
Елімізде жол апатынан қайтыс болған адамсаны күр артып келеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Соңғы үш жылда Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының саны 9 пайызға өскен. Ал оның салдарынан 6,5 мыңнан астам азамат қаза тауып, 55 мыңнан астамы жарақат алды. Бұл мәселеге Президент те ерекше мән беру керектігін тілге тиек етті.
Шын мәнінде, біз жыл сайын ірі елді мекендердің халқынан айырылып отырмыз. Бұл – еліміз үшін нағыз қасірет. Біз адамдардың өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екенін үнемі айтамыз. Сондықтан жағдайды түзеу үшін жүйелі шаралар қабылдау керек. Ең алдымен, барлық азаматтың назарын жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға аудару керек, - деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер де тәртіпке бағынбай, көшеден кесе-көлденең өтетін жайттар жиілеген. Соның салдарынан жыл басынан бері 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр.
Мәселен, жаяу жүргіншілердің кінәсінен тек биылдың өзінде 164 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 24 адам қаза тапты, 142 адам жарақат алды. Апаттардың көптігі жол қауіпсіздігі деңгейінің автомобильдер санының өсіміне сай келмейтінін көрсетеді. Бұл жол инфрақұрылымына да, оның қауіпсіздігіне жауап беретін қызметтердің жұмысын ұйымдастыруға да қатысты, - деді президент.