Түркістанда облыс тұрғынының үйінен бірнеше мың түп "көкнәр" табылды
Түркістан облысының тұрғынынан 4 мыңға жуық түп “көкнәр“ тәркіленді, деп хабарлайды Arbat.media.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының полицейлері бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жергілікті тұрғынның бірінің үйінен құрамында есірткі заты бар өсімдік егілгенін анықтаған.
Үйді тінту кезінде, күдіктінің бақшасынан "көкнәрға" ұқсас 3900-ден астам түп есірткі тәркіленді. Сараптама қорытындысы өсімдіктің 160 келіден асатын "көкнәр" екенін растады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті қамауға алынды.
Поделиться
Читать Arbat media в