Түркістан облысында заңсыз жүрген 50 азамат елден шығарылды
Түркістан облысында заңсыз жүрген 114 азаматтың 50-і елден шығарылды, деп хабарлайды Arbat.media.
10 тәуілік ішінде Түркістан облысында полиция департаменті өңірде заңсыз жүрген өзбек азаматтарын анықтаған. Бірден әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша хаттама толтырылып, іс құжаттары сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан аластатылса, төрт шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының екі азаматының әрқайсысына әкімшілік айыппұл салынды, - делінген ақпаратта.
Поделиться
Читать Arbat media в