Түркістан облысында су қоймасында қалып қойған үш адам құтқарылды
Түркістан облысында құтқарушылар су қоймасынан 3 адамды құтқарып алды, деп хабарлайды Arbat.media.
Өңірдегі Шардара су қоймасында демалушылар қайықпен суға кетіп, қайта оралмағандығы туралы хабарламаны жақындары мәлімдеді. ТЖД-нің қызметкерлері оқиға орнына жеткенде қайықтың ақауы салдарынан 3 адамның су ортасында қалып қойғаны белгілі болды.
Аталған жағдайға қатысты құтқару жұмыстарына Түркістан облысы жедел құтқару жасағы және полиция департаментінің қызметкерлері іске кірісті.
Бір сағат ішінде шұғыл қызметтер авариялық-құтқару жұмыстарын аяқтап, адамдарды жағаға шығарды. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.
Поделиться
Читать Arbat media в