Новости Казахстана21 апреля 2023, 15:13

Түркістан облысында оқушы қызды өлтірген күдіктілер қылмысқа не үшін барғанын айтты

Түркістан облысында 9-шы сынып оқушысын пышақтап денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, деп хабарлайды Arbat.media.

КТК арнасы өңірдегі Төрткүл ауылындағы мектептің 11-ші сынып оқушысы мен оның 19 жастағы жігітпен бірге марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған. Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты. Бірақ екі арада жанжал шығып, олар 15 жастағы оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Содан кейін денесін арыққа ағызып жіберген. Бүгін олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті.

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігімен «адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Қылмыстық оқиғадан кейін полиция оқушы қызды өлтірген екінші қызды ұстағанын мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта тергеу ісі  Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауына алынған. 

Түркістан облысы өлім Оқушы Қылмыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!