Новости Казахстана21 марта 2023, 0:00

Түркістан облысында кішкентай қыз Арыс өзеніне ағып кетті

Түркістан облысында 4 жасар қызы Арыс өзеніне ағып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

ІІМ-нің хабарлауынша, қазіргі уақытта өңір полицейлері жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылған.

17 наурыз Түлкібас аудандық ПБ-не жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткенін хабарлайды.

Тексеру кезінде, сол күні кешкі уақытта үш кәмелет жасына толмаған туыс кішкентай қыздар Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барғаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен. Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды, - деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан облысы өлім Іздеу Төтенше жағдай

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!