Новости Казахстана15 июня 2023, 4:25

Түркістан облысында 70 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,2 млн теңге айыппұл төлейді

Түркістандық полицейлер 73 рет жол ережесін бұзған такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыстық маңызы бар жолдардың бірінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған армениялық нөмірлі Honda автокөлігін анықтады.

Тексеру барысында жеке тасымалдаумен айналысатын 40 жастағы жүргізуші Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жолдарында 73 рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды.

Оған салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден асып жығылған. Қазіргі уақытта полицейлер құқық бұзушының көлігін айыптұраққа жеткізді.

Түркстан облысы Айыппұл такси

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!