Төреғалиды тойға шақыратындар әлі табылады - Мәжіліс депутаты
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицияға ұсталған Төреғали Төреәлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Екі күн бұрын Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, полициядан қашқан танымал әнші Төреғали Төреәліге қатысты депутат әлеуметті желіде жазба жариялады.
Батыс қоғамында мас күйінде ұсталған әнші/әртістің абыройы айрандай төгіліп, студиялармен жасасқан келісім шарттары жойылып, теледидарға шыға алмай, қарабет болып қалады. Ал бізде олай емес. Көресіңдер, Төреғалиды тойға шақыратын қазақ әлі-ақ табылады, - деп жазды ол.
Полиция күштеп ұстаған Төреғали Төреәлі сот шешімімен жеті жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айрылған еді. Сонымен бірге ол 20 күн бойы қамауға болады.
Поделиться
Читать Arbat media в