Новости Казахстана1 июня 2023, 18:21

Тоқаев бала құқықтары бойынша арнайы уәкіл Аружан Саинды қабылдады

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланған.  Мемлекет басшысына Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің атқарған қызметі туралы сөз болды.

Президент кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін пәрменді шаралар қабылдау, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауға берілген кепілдікті сақтау, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау маңызды екеніне назар аударған.

Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқығын қорғау және денсаулығын сақтау жүйесін нығайту аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, балаларды қорғауға қатысты барлық ұсыныс пен бастаманы жүзеге асырмас бұрын мұқият зерттеу қажеттігін жеткізді.

Мемлекет басшысы туындаған түйткілдерді шешуге тікелей атсалысу үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жергілікті жердегі жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударды.

  

Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Саин Бала құқығы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!