Тоқаев Ассамблея төрағасының екі орынбасарын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының екі орынбасары ауысты, деп хабарлайды Arbat.media.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі лауазымыды тұлға қызметінен кетіп, орнына екі адам жаңа міндетке бекітілген.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, деп жазылған Ақорда таратқан мәліметте.
Поделиться
Читать Arbat media в